
Өмірбаян
Жапақов Нұрбек Сағатбекұлы 1988 жылы туған.
2007 жылы «Фемида» қаржы-құқық колледжінің экономика факультетінің «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің экономика факультетінің «Экономика бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының инспекторы болып бастаған.
11.04.2008-01.08.2011 жж. аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы;
01.08.2011-01.08.2012 жж. аралығында Қызылорда облысының мәдениет басқармасының бас маманы;
01.08.2012-01.07.2013 жж. аралығында Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы;
01.07.2013-16.10.2019 жж. аралығында Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының бас маман - мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.
17.10.2019 ж. бастап Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы болып қызмет атқарады.




