Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы

    Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы

    Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы
    Руководитель управления

    Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы

    Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Жолымбетов Төреахмет Сайлаубайұлы 1976 жылы туған.

    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Экономист-шығыстанушы, түрік тілінің аудармашысы-референті», Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Инженер» мамандықтары бойынша бітірген, Экономика ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстанның Даму институтын экономикалық зерттеулер орталығының стажер-зерттеуші ретінде бастаған.

    2001-2003 жылдары Алматы қаласының Қазақстанның Даму институтының аспиранты.

    2003-2004 жылдары – Қызылорда облыстық минералдық ресурстардың энергетикалық инфрақұрылымы басқармасы-жетекші маманы, 2004 – 2007 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімі - бас маманы, бас инспекторы қызметтерін атқарған.

    2007 – 2010 жылдары – Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы Қызылорда облыстық филиалының директорының орынбасары, 2010-2012 жылдары «Құрылыс Базис Кызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс жасап, 2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология депаратментінің бас маманы.

    2013-2014 жылдары жылдары Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департамент директорының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болған.

    2014 – 2017 жылдары Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған.

    2017 жылдың наурыз айынан бастап 2020 жылдың 10 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері