
Зейденова Тоғжан Достиярқызы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген.
Торғай аграрлық-техникалық колледжін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
2012-2016 жылдары – Астана қаласындағы «Руханият» орталығында экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман.
2016-2017 жылдары – Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру әдістемелік орталығында менеджер.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасында сарапшы.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының бас сарапшысы.
2021-2026 жылдары – Азаматтық қоғам істері комитетінің Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасының басшысы.
2026 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.

