
Сұлтанова Гүлбара Бекетқызы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
Өмірбаян
Қостанай педагогикалық институтын, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітірген.
«Құрмет грамотасы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
1992 жылдан 2001 жылға дейін Қостанай облысының орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді.
2002-2006 жылдары-Қостанай облысы ішкі саясат басқармасының қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы.
2006-2014 жылдары - Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы.
2014-2016 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы.
2016-2018 жылдары - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары - ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019-2024 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.
2024 жылғы ақпаннан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.

