
Өтеуов Рашад Бағдатұлы
Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы - полиция полковнигі.
2004 жылы Ресей Федерациясының ІІМ Омбы академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы - Павлодар облысы Екібастұз мемлекеттік кеңесі тергеу бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкері;
2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Павлодар қаласының Солтүстік Ішкі істер департаменті тергеу бөлімінің тергеушісі;
2007 жылы - Павлодар қаласының Солтүстік Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары;
2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Шарбақты аудандық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, әрі тергеу бөлімінің бастығы;
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Павлодар қаласының ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары;
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін - Екібастұз қаласының ІІД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары;
2018 жылғы қарашадан 2019 жылғы ақпанға дейін - Екібастұз қаласының ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары (штаттық өзгерістерге байланысты);
2019 жылғы сәуір-қазан аралығында - Павлодар қаласының ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары;
2019 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін - Павлодар облысының ПД Тергеу басқармасының бастығы;
2020 жылғы қарашадан 2024 жылғы маусымға дейін - Павлодар облысының Полиция депртаменті бастығының орынбасары;
2024 жылдың маусымынан бастап - Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары.





