
Мұғманов Талғат Қанағатұлы
Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы «Болашақ» университетін, 2018 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – заңгер, құқық магистрі.
2000 жылғы маусымнан 2001 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды гарнизоны бойынша әскери-тергеу бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі;
2001 жылғы шілдеден 2002 жылғы наурызға дейін – Қарағанды гарнизоны бойынша әскери-тергеу басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі;
2002 жылғы сәуірден 2004 жылғы қарашаға дейін – Орталық әскери округ бойынша әскери-тергеу басқармасы тергеу бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші есебінен аға тергеушісі;
2004 жылғы қарашадан 2025 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында орта және жоғары басшы құрамның әртүрлі лауазымдарын атқарған;
2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы;
2026 жылғы сәуірден бастап – Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары.





