
Қайыров Жасқайрат Иманбекұлы
Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы - полиция полковнигі.
Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын бітірген.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарындағы борышын 1992 жылғы маусым айынан бастап 1993 жылға дейін атқарды.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылы Павлодар қ. Индустриалдық АІІБ патрульдік қызмет батальонының милиционерінен бастады.
1997 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы ІІБ патрульдік – пост милициясының бастығы.
2003 жылғы қыркүйектен бастап - Павлодар қ. Оңтүстік ІІБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі.
2010 жылғы желтоқсаннан бастап - Павлодар қ. ІІБ патрульдік полиция батальонының командирі.
2015 жылғы мамырдан бастап - Павлодар қ. ІІБ әкімшілік полициясының бастығы.
2016 жылғы қаңтардан бастап - Павлодар қ. ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы.
2018 жылғы ақпаннан бастап - Павлодар облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы.
2019 жылғы маусымнан бастап - Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.





