
Қанбатыров Ерсұлтан Ғалымұлы
Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен 2026 жылғы 5 мамырдан бастап Қанбатыров Ерсұлтан Ғалымұлы Ақмола облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына тағайындалды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 10 жылдан астам.
Канбатыров Е.Г. еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің прокуроры лауазымынан бастады. Кейіннен Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры, Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасының аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының аға прокуроры, Алматы қаласы Әуезов аудандық прокуратурасының прокуроры, Көлік прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі, қоғамдық денсаулық пен адамгершілікке қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі топтың прокуроры, жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуді процестік басқаруды ұйымдастыру басқармасының прокуроры, меншікке қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі топтың прокуроры, сол басқарманың аға прокуроры, сондай-ақ қоғамдық денсаулық пен адамгершілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі топтың аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 5 мамырдан бастап Ақмола облысы прокуратурасының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына тағайындалды.





