
Есмағамбетов Дулат Қыдырбайұлы
Қорғалжын ауданының прокуроры
Өмірбаян
Есмағамбетов Д.К. 1983 жылғы 8 ақпанда Ақмола облысында дүниеге келген. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2005 жылы бастаған. Әр жылдары Орталық өңірлік көлік прокуратурасының Көкшетау көлік прокурорының көмекшісі, Орталық өңірлік көлік прокуратурасының Көкшетау көлік прокурорының аға көмекшісі, Ақмола облысы прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, Ақмола облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры, Ақмола облысы прокурорының аға көмекшісі – Ақмола облысы прокуратурасының инвесторлардың құқықтарын қорғау тобының жетекшісі лауазымдарын атқарған.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 19 жылдан астам
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.





