
Батырбеков Жүсіп Батырбекұлы
Атбасар ауданының прокуроры
Өмірбаян
Батырбеков Жүсіп Батырбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде дүниеге келген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2011 жылы бастады. Әр жылдары Астана қаласының Мамандандырылған прокуратурасы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокурорының аға көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық институты Стратегиялық талдау және жоспарлау басқармасының аға прокуроры, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби деңгейін арттыру институтының Кәсіби деңгейін арттыруды ұйымдастыру басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау тобы басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Заңды күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі басқармасының аға прокуроры лауазымдарын атқарды.
2025 жылғы 27 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысы прокуратурасының Атбасар ауданының прокуроры қызметін атқарып келеді.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 15 жылдан астам.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

