
Жайжұманова Әсемгүл Абайқызы
Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы
Өмірбаян
Ақмола облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады.
2003 - 2004 жылдары – ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маманы.
2004 жылдан 2008 жылға дейін – ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде бөлім бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы.
2008 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы.
