Бейсенов Сансызбай Кусаинович

    Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Бейсенов Сансызбай Кусаинович
    Руководитель

    Бейсенов Сансызбай Кусаинович

    Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1973 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Макинка ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 1997 жылы Ақмола қаржы-экономикалық колледжін қаржы бойынша экономист мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Көкшетау қаласының гуманитарлық-техникалық академиясын бітірді, экономика және бизнес магистрі.

    Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы «Прогресс» совхозында бастаған.

    1991 жылдан 1993 жылға дейін Кеңес Әскерінің қатарында болған.

    1993 жылдан - Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы «Прогресс» совхозында жұмыс істеген.

    1995 - 1997 ж. ж. - Көкшетау облысы Еңбекшілдер аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі маманы.

    1997-1999 ж. ж.-Солтүстік Қазақстан облысы Еңбекшілдер аудандық қаржы бөлімінің бюджет бойынша бас маманы.

    1999-2005ж.ж. - Ақмола облыстық қазынашылық басқармасы операциялық бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы, жаңғырту бөлімінің бас маман-бас қазынашысы, аумақтық қазынашылық органдарының ішкі бақылау бөлімінің бастығы.

    2005-2007 ж.ж. - Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің ішкі бақылау, есептілік және өнім берушілер бойынша анықтамалықты жүргізу басқармасының бастығы.

    2007-2013 ж. ж. - Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті бастығының орынбасары.

    2013-2021 ж. ж. - Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

    2021 жылғы 26 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.

    «Ерең еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Астана 20 жыл» және басқа да медальдармен, ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері