
Тынысбеков Бауржан Аскарович
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
Өмірбаян
Тынысбеков Бауржан Аскарович 1987 жылы 17 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.
2011 жыл - Халықаралық Бизнес Университетін бітірген.
2014 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
2017 жыл – Ұлыбритания, Ноттингем университетін, 2020 жыл – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Өзінің еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F2 басқармасы сарапшысының м.а болып бастады.
18.05.2012 жылдан бастап 15.10.2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F-2 басқармасының сарапшысы.
15.10.2012 жылдан бастап 13.05.2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төлем операциялары Басқармасының сарапшы-қазынашысы.
14.05.2013 жылдан бастап 01.08.2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті республикалық бюджет бойынша есептілік басқармасының сарапшы-қазынашысы.
02.08.2014 жылдан бастап 02.01.2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Еңбекшілдер аудандық қазынашылық басқармасының Ақмола облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары.
03.01.2018 жылдан бастап 12.10.2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы.
15.10.2018 жылдан бастап 31.10.2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті F-2 басқармасының бас сарапшысы.
04.11.2019 жылдан бастап 31.12.2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаменті концессиялық жобалар басқармасының басшысы.
04.02.2022 жылдан бастап 22.02.2022 жылға дейін ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2024 жылғы 27 қазанды қоса алғанға дейін).
23.02.2022 жылдан бастап 17.09.2023 жылға дейін ҚР ҚМ ММЖК Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.
18.09.2023 - Қазіргі уақытта - ҚР ҚМ ММЖК Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
