СЕРБАЕВ МУХТАР УБАЙТЖАНОВИЧ

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

    СЕРБАЕВ МУХТАР УБАЙТЖАНОВИЧ
    Басшы

    СЕРБАЕВ МУХТАР УБАЙТЖАНОВИЧ

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Сербаев Мұхтар Үбәйтжанұлы, 1967 жылы 14 қаңтарда дүниеге келген.

    Қарағанды мемлекеттік медицина институтының дәрігер гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша түлегі (1989-1995 жж).

    2014 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін бітірген, экономика және бизнес бакалавры.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы еңбек жолын 1995 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігері болып бастаған. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында радиациялық қауіпсіздікті қадағалау, туберкулезге қарсы күрес бөлімдерінің басшысы болып жұмыс істеген. 2007 жылғы қарашадан 2010 жылғы желтоқсанға дейін темір жол көлігіндегі Батыс өңіраралық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып қызмет жасаған. 2010 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2025 жылдың 17 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 20 жылдан астам, гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Өнеркәсіптік объектілердегі радиациялық қауіпсіздік саласындағы маман (кен орындарында және басқа да өндірістік объектілерде радиоактивті материалдарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету), Атом қуаты халықаралық агентігінің сертификаттарымен расталған.

    Халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан ерекше үлесі үшін 2017 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен пандемияға қарсы күрес кезінде сіңірген жеке еңбегі үшін "Халық алғысы" медалімен марапатталған (2020 ж).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері