Куркинбаева Гульнар Утебаевна

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары

    Куркинбаева Гульнар Утебаевна
    Басшының орынбасары

    Куркинбаева Гульнар Утебаевна

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары

    Өмірбаян

    Туған жылы: 1967 жылғы 3 қазан

    Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институты «гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы

    Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

    «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2012 жыл);

    «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлес үшін» төс белгісі (2014 жыл);

    «Халық Алғысы» медалі (2020 жыл);

    ҚР Президентінің Құрмет грамотасы (2020 жыл).

    Мансап

    Еңбек өтілі:

    1992 жылдан бастап 1994 жылға дейін Жаңаөзен қаласының санитариялық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бойынша санитариялық дәрігері;

    1994 жылдан бастап 2002 жылға дейін Жаңаөзен қаласының санитариялық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі;

    2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін Жаңаөзен қаласының мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитариялық –гигиеналық бөлімінің басшысы;

    2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінде туберкулезді эпидқадағалау және шекараны санитариялық қорғау бөлімінде бас маман;

    2010 жылдан бастап 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бөлімінің басшысы;

    2017жылдан бастап 2022 жылға дейін Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінде басшы орынбасары;

    2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінде басшысы;

    2025 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департамент басшысы орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері