
Айтқазина Самал Оспанқызы
Павлодар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер және идеология жөніндегі орынбасары. Әдеп және идеология.
Өмірбаян
Самал Оспанқызы 1979 жылы туған, Май ауданының тумасы. 1995 жылы Павлодар педагогикалық институтын қазақ тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тамандады. 2000 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аяқтады. 2015 жылы Инновациялық Евразия Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тамандады. 2018 жылы Инновациялық Евразия Университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1995 жылы Май орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады, Павлодар облысы, Май ауданы.
1996-2000 жж. Павлодар облысы, Павлодар қаласының № 37 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2000-2003 жж. Павлодар облысы, Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2003-2004 жж. Павлодар облысы, Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2004-2011 жж. Павлодар облысы, Павлодар қаласының № 8 мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2011-2015 жж. Павлодар облысы, Павлодар қаласының № 25 ЖОББМ директоры.
2015-2018 жж. Павлодар облысы, Павлодар қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 10 мектеп-лицейінің директоры.
2018-2019 жж. Павлодар облысы, Павлодар қ., білім беру бөлімі басшысының м.а. 2019-2021 жж. Павлодар облысы, Павлодар қ., білім беру бөлімі басшысы.
2021-2022 жж. Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысы.
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлоддар облысының білім беру басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.


