
Өмірбаян
Дидар Елубекұлы 1992 жылы Павлодар облысының Железин ауданында дүниеге келді. 2014 жылы С.Торайғыров атындағы университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық органдарында бастады.
2015 -2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2018 - 2020 жылдары Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2020 - 2021 жылдары "Павлодар облысы әкімінің аппараты" ММ Әдеп жөніндегі уәкілі.
2021 -2022 жылдары Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2022 жылдан бастап 2024 жылғы 26 қарашаға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарды.


