Бещенбаев Талғат Жұмабекұлы

    Павлодар ауданы әкімінің инвестиция және ауыл жөніндегі оранбасары

    Бещенбаев Талғат Жұмабекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Бещенбаев Талғат Жұмабекұлы

    Павлодар ауданы әкімінің инвестиция және ауыл жөніндегі оранбасары

    Өмірбаян

    Талғат Жұмабекұлы 1989 жылы Баянауыл ауданы Баянауыл кеңшарында дүниеге келген. 2010 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Орман шаруашылығы ісі» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2010 жылы «Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі» ММ табиғи кешендерді қорғау бөлімінің маманы қызметінен бастады;

    Әртүрлі жылдарда «Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» ММ жануарлар дүниесі бөлімінің қорықшысы; «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің бас маманы; «Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі» ММ ҚР АШМ ғылым, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2018 жылдан бастап «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2022 жылдан 2023 жылға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

    2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Успен ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері