Мұқалым Ақжолтай Қадырәліұлы

    Жақсы ауданының прокуроры

    Мұқалым Ақжолтай Қадырәліұлы
    Прокурор

    Мұқалым Ақжолтай Қадырәліұлы

    Жақсы ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Ақжолтай ҚадырәліұлыМұқалым Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Чонжа ауылдық округі, Чонжа ауылында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 2012 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Талғар аудандық прокуратурасының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының Жетісу ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры, Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының прокуроры, Қызылорда облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы аудан прокурорының орынбасары, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі – Астана қаласы прокуратурасының кадр жұмысы тобының жетекшісі қызметтерін атқарған.

    2025 жылғы 13 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы Жақсы ауданының прокуроры қызметін атқарып келеді.

    Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 13 жылдан астам.

    Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері