Жаркешов Ернар Серікбайұлы

    Облыс әкiмiнiң орынбасары

    Жаркешов Ернар Серікбайұлы
    Заместитель акима

    Жаркешов Ернар Серікбайұлы

    Облыс әкiмiнiң орынбасары

    Өмірбаян

    Жаркешов Ернар Серікбайұлы 1986 жылы туған, Ұлытау облысының тумасы. Бирмингем университетін (Ұлыбритания) (басқару, менеджмент, мемлекеттік саясат саласында ғылым бакалавры), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (қаржы бакалавры), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебін (мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі), Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) бітірген.

    2008 жылғы маусым мен тамыз аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде тағылымдамадан өтуші, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысының бөлімінде тағылымдамадан өтуші болды.

    2010-2011 жылдар аралығында Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебінің зерттеуші-ассистенті болды.

    2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ бас сарапшысы.

    2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғылыми-зерттеу институты директоры орынбасарының, директорының м.а., директорының қызметін атқарды.

    2014-2017 жылдар аралығында Қазақстанда БҰҰ даму бағдарламасы жобаларының ұлттық консультанты, жоба басшысы, портфель басшысы лауазымын атқарды.

    2017-2019 жылдар аралығында «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директорының, бас директорының, басқарушы әріптесінің (жеке қазақстандық консалтингілік компаниясы) қызметін атқарды.

    2019-2021 жылдар аралығында Еуразия елдері, Whiteshield Partners бойынша халықаралық консалтингтік компанияның директоры болды.

    2022-2024 жылдар аралығында «Management» АҚ жеке компаниясының, «Полистройгрупп» ЖШС басқарушы директорының лауазымын атқарды.

    2021-2024 жылдар аралығында - Сеул қ., Мемлекеттік басқарудың Азиялық қауымдастығы директорлары кеңесінің мүшесі (қашықтықтан).

    2022-2023 жылдар аралығында - «Самұрық-Қазына» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі.

    2024 жылғы ақпан айынан бастап маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат төрағасының кеңесшісі болды.

    Камтамасыз етеді:

    Ақмола облысы аумағында экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару, кәсіпкерлік, туризм, инвестициялар, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы мемлексттік саясат пен өңірлік бағдарламалардың уақытылы, сапалы және толық орындалуын;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Ақмола облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындауды;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдар мен мекемелермен әзара іс-қимыл жасауды.

    Ұйымдастырады:

    - әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін бюджет жобасын әзірлеу, уақтылы және сапалы жоспарлау жөніндегі жұмыстарды;

    - бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі жұмыстарды;

    - коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару женіндегі жұмыстарды;

    - өңірде кәсіпкерлікті, ішкі сауданы, туризмді дамыту, инвестиция тарту, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды;

    - мемлекеттік сатып алуды өткізу, уәкілетті органмен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстарды.

    Үйлестіреді:

    - экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншікті және тұрғын үй қорын басқару, кәсіпкерлік, туризм, инвестициялар, индустриялық-инновациялық даму салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылды,

    - жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды;

    - өңірдің ШОБ дамыту мақсатында қаржы даму институттарынын, ЕДБ филиалдарымен өзара іc-қимылды қамтамасыз етеді.

    Басшылықты жүзеге асырады:

    -экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдык меншікті және тұрғын үй корын басқару, кәсіпкерлік, туризм, инвестициялар, индустриялық-инновациялык даму бағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.

    Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері