Айтбаев Досұлан Ерланұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Айтбаев Досұлан Ерланұлы
    Заместитель акима

    Айтбаев Досұлан Ерланұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Айтбаев Досұлан Ерланұлы, 1985 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін (құқық бакалавры), А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (экономика және бизнес магистрі), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (политология магистрі) бітірген.

    2008-2009 жылдары - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімі аппаратының бас маманы.

    2009-2010 жылдары - Қостанай облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы.

    2010-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

    2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

    2014 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінің персоналды басқару қызметі басқармасының бас сарапшысы, басшысы.

    2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі Жастар саясаты департаментінің тәрбие жұмысы және жастар ортасындағы тәуекелдердің алдын алу басқармасының басшысы.

    2016-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің референті, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі.

    2023-2024 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің сектор меңгерушісі.

    2024-2025 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.

    2025 жылғы қаңтардан бастап - Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

    Идеология жөніндегі облыс әкімінің орынбасары

    Қамтамасыз стеді:

    Ақмола облысы аумағында ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты және өңірлік бағдарламалардың уакытылы, сапалы және толық орындалуын;

    - жетекшілік ететін салалар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазакстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен галсырмаларын, Ақмола облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталык мемлекеттік органдарымен және олардың аумактық бөлімшелерімен, озге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауын.

    Ұйымдастырады:

    - қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын, үкіметтік емес ұйымдарды колдау және дамыту, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды;

    - мәдениет және мұрағат ісі саласында сапалы қызмет көрсету, мұрағат қорының құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалану жөңіндегі жұмыстарды;

    - ғылым, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды;

    - дене шынықтыру мен спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту жөніндегі жұмыстарды;

    - жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдін әлеуметтік-экономикалық және қоғамдык-саяси өміріне тарту, жастардың қазақстандык патриотизм сезімін тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды;

    - азаматтардың діни сенім бостандығына кұқықтарын және діни бірлестіктердің, рухани білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметін іске асыру саласында болып жаткан процестерді зерделеу жөніндегі жұмыстарды;

    - мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту, толерантты тілдік орта күру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды.

    Үйлестіреді:

    - ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту салаларында багдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-кимылын;

    - жүктелген өкілеттіктер квазимемлекеттік сектор ұйымдарымсн, кәсіпкерлік субъектілерімен, Халықаралык және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ак басқа да кәсіпорындармен озара іс-қимыл жасауды.

    Басшылықты жүзеге асырады:

    - Ақмола облысы Қазакстан халқы Ассамблеясының хатшылығын;

    - ішкі саясат (қоғамдық даму), мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық болімшелеріне.

    Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.

    Өзге және/немесе қосымша функцияларды жүктеуге жол берілмейді.

    Жетекшілік стетін салалар бойынша қабылданатын шешімдер мен қызмет нәтижелері үшін дербес жауапты болады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері