Балпан Мұрат Сағатұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Балпан Мұрат Сағатұлы
    Заместитель акима

    Балпан Мұрат Сағатұлы

    Облыс әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Мұрат Сағатұлы Балпан 1970 жылы туған, Ақмола облысы Ақкөл ауданының тумасы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (инженер-экономист), Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (құқық магистрі), Омбы гуманитарлық-техникалық академиясын (зерттеуші, оқытушы-зерттеуші) бітірген.

    1989-1994 жылдары Ақмола облысы Ақкөл ауданы, «Хлебороб» кеңшары СТФ ұстасы, бригадирдің көмекшісі, бригадирі.

    1994-1998 жылдары - Ақкөл ауданы Наумовский ауылдық округінің әкімі.

    1998-1999 жылдары - Ақмола облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің кеңесшісі.

    1999-2000 жылдары - Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    2000-2008 жылдары аралығында - Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары.

    2008-2009 жылдары - «КТЖ» ҰК» АҚ - «Шаруашылық басқару» филиалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, бөлім бастығы.

    2009-2011 жылдары - «Бәсекелестік саясатты қорғау және дамыту орталығы» АҚ әкімшілік жұмыс департаментінің директоры, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Тексеру департаменті мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін тексеру басқармасының бастығы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы.

    2012-2014 жылдары - Бұланды ауданының әкімі.

    2014-2015 жылдары - Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.

    2015-2017 жылдары - Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

    2017-2021 жылдары Жарқайың ауданының әкімі.

    2021-2022 жылдары - Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

    2022-2024 жылдары - Аршалы ауданының әкімі.

    Ауыл шаруашылығы жәпе жер қатынастары бойыншаоблыс әкімінің орынбасары

    Қамтамасыз етеді:

    - Ақмола облысы аумағында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану су қорын пайдалану және қорғау салаларындағы мемлекеттік саясат пен өңірлік бағдарламалардың уақытылы, сапалы және толық орындалуын;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларын, Ақмола облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы, сапалы және толық орындалуын;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасауды.

    Ұйымдастырады:

    - агроөнеркәсіптік кешен салаларының, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы салаларының бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жұмыстарды;

    - жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыстарды;

    - ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыстарды;

    - флора мен фауна түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, ормандарды қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, су объектілерін тиімді пайдалану және қорғау, мелиорация және суару жөніндегі жұмыстарды.

    Үйлестіреді:

    - ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау салаларында бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылын;

    - жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, халықаралық және Қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасауды.

    Басшылықты жүзеге асырады:

    - ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығы, табиғи ресурстар жөне табиғат пайдалану, су қорын пайдалану және коргау бағыттары бойынша жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне.

    Аумактық консультативтік және үйлестіру кенестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.

    Өзге және/немесе қосымша функцияларды жүктеуге жол берілмейді.

    Жетекшілік ететін салалар бойынша қабылданатын шешімдер мен кызметінің нәтижелеріне дербес жауаптылықта болады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері