Маратбеков Даулет Маратбекұлы

    Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі

    Маратбеков Даулет Маратбекұлы
    Аким

    Маратбеков Даулет Маратбекұлы

    Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1994 жылы 14 ақпанда Катонқарағай ауданы Мойылды ауылында дүниеге келген. 2017 жылы Қазақстан-Американдық Еркін университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша "Техника және технология бакалавры" дәрежесімен бітірді. 2020 жылы Қазақстан-Американдық Еркін университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша "Құқық бакалавры" дәрежесімен бітірді.

    Еңбек жолын 2014 жылдың қыркүйек айында Катонқарағай ауданы, Мойылды ауылы Мойылды орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады. 2015 жылдың шілде айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" ММ бағдарламашысы қызметін атқарды. 2016 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылдың шілде айына дейін «Катонқарағай ауданы әкімі аппараты» ММ кеңсе және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2019 жылғы 9 шілдеден 2023 жылғы 13 ақпан аралығында Катонқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.

    2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешіміне сәйкес Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері