
Елеусізов Марат Чакарұлы
Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1969 жылы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Ново-Березовка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша Қазақстан-Американдық еркін университетін бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы Ново-Березовка ауылындағы Ленин атындағы колхозда бастап, 1996 жылға дейін жұмыс істеді.
02.11.1996 жылдан 25.10.1997 жылға дейін "Талап"өндірістік кооперативінің мүшесі.
25.10.1997 жылдан 15.11.1997 жылға дейін "Яринское"шаруа қожалығының мүшесі.
17.11.1997 жылдан 01.03.2002 жылға дейін "Достық"шаруа қожалығының мүшесі. 01.04.2003-30.07.2003 жылдары Катонқарағай ауданы Ново-Березовка ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманының м.а.
30.07.2003 жылдан 26.08.2003 жылға дейін Катонқарағай ауданы Ново-Березовка ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.
26.08.2003-19.01.2004 жылдары Катонқарағай ауданы Ново-Березовка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
19.01.2004-16.04.2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық статистика бөлімінің бас маманы.
01.05.2008-14.02.2011 жылдар аралығында Катонқарағай ауданының статистика бөлімінің жетекші маманы.
14.02.2011-10.04.2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
12.06.2015-30.08.2021 жылдары "Жас қанат"шаруа қожалығының мал дәрігері және зоотехнигі.
2021 жылдың 31 тамызынан бастап Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Nur Otan партиясының мүшесі.


