Касенов Данияр Муратұлы

    Катонқарғай ауылдық округінің әкімі

    Касенов Данияр Муратұлы
    Аким

    Касенов Данияр Муратұлы

    Катонқарғай ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1993 жылы 02 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Большенарым ауылында дүниеге келген.

    2014 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетік техникалық университетін «Металлургия» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 2014 жылы қазан айынан 2016 жылдың желтоқсан айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында "Алтын АРА" ЖШС –нің директоры болып бастады.

    2016 жылдың желтоқсан айынан 2017 жылдың сәуір айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында "Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" ММ –де бас маманның міндетін атқарушы лауазымында қызмет атқарды.

    2017 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың қазан айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында "Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" ММ –де бас маман лауазымында қызмет атқарды.

    2019 жылдың қазан айынан желтоқсан айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

    2019 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың қазан айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі болып еңбек еткен.

    2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың ақпан айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында "Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС-де ара шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

    2022 жылдың сәуір айынан шілде айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында «Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы болып қызмет еткен.

    2022 жылдың шілде айынан 2023 жылдың маусым айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылында «Катонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы болып қызмет еткен.

    2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың наурыз айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында «Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де әдіскері болып қызмет атқарды.

    2025 жылғы 16 наурызда Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері