Көбешев Еркін Әмейұлы

    Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің әкімі

    Көбешев Еркін Әмейұлы
    Аким

    Көбешев Еркін Әмейұлы

    Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1961 жылы 25 мамырда Катонқарағай ауданы Аршаты ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1978 жылы Семей қаласындағы зоотехникалық малдәрігерлік институттың зоотехника факультетіне түсіп 1983 жылы осы институтты зооинженер мамандығы бойынша бітірді.

    1983 жылдан 1988 жылға дейін Өрел қой кеңшарының Аршаты бөлімшесінде зоотехник болып еңбек етті. 1988 жылдан 1997 жылға дейін Өрел қой кеңшарының бас зоотехнигі болып істеді. Кеңшар тараған 1997 жылдың қыркүйек айынан бастап Өрел ауылдық әкімшілігінің іс меңгерушісі, 2000 жылдан 2007 жылдың қазан айына дейін Өрел ауылдық округының іс меңгеруші маманы, 2008 жылдың сәуір айынан бастап Өрел ауылдық округі әкімі. Катонқарағай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы шешімімен Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Катонқарағай аудан әкімінің 2017 жылғы 16 қазандағы өкімімен Катонқарағай ауданы Өрел ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері