
Прокурор
Орынғалиев Серік Наурызғалиұлы
Шыңғырлау ауданының прокуроры
Өмірбаян
Орынғалиев Серік Наурызғалиұлы 1982 жылы Бөкейорда ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары заңгер.
Прокуратура органдарында 2010 жылдан бастап қызмет атқарады.
Әр жылдары әр түрлі лауазымдарда Сырым ауданының, табиғат қорғау және Батыс Қазақстан облысының прокуратураларында қызмет етті.
2021 жылғы тамыздан 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары болды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеуде.





