
Тәжғалиев Дәурен Еркінұлы
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры
Өмірбаян
Дәурен Еркінұлы Тәжғалиев 1987 жылы 16 сәуірде Орал облысы Орал қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, үйленген.
2004 жылы Орал қаласындағы № 45 орта мектепті бітіріп, сол жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің күндізгі оқу бөлімінің заң факультетіне 1 курсқа түсіп, 2008 жылы бітірді.
Еңбек жолын 2008 жылдың желтоқсан айында Тасқала ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады, онда 2010 жылдың мамырына дейін еңбек етті.
2010 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін Орал табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі, 2012 жылдан 2014 жылға дейін қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры, 2014 жылдан 2017 жылға дейін Батыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры, 2017 жылдың қараша айынан бастап 2018 жылдың қаңтар айына дейін Зеленов ауданы прокуратурасының аға прокуроры, 2018 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың қазан айына дейін Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары, 2019 жылдың қазан айынан 2022 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі лауазымдарында қызмет атқарған.
2022-2024 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының прокуроры лауазымында қызмет етті.
11.09.2024ж. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына тағайындалған.





