
Өмірбаян
Төремұратов Қанабіл Мұратұлы, 1979 жылғы, білімі жоғары, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Ақжайық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
2003-2006 жылдары Ақжайық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
2006-2008 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасында бөлім прокуроры, бөлімнің аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2008-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы Тасқала және Казталов аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды.
2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жұмыс істеді.
2015-2017 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2017-2024 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Сырым және Бөкей ордасы аудандарының прокуроры қызметтерін атқарған.
Үйленген, төрт баласы бар.





