
Сұлтанбекұлы Жандарбек
Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының прокуроры
Өмірбаян
Жандарбек Сұлтанбекұлы 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қызылордадағы «Болашақ» университетін және Оңтүстік Калифорния университетін «Құқықтану», «Қаржы» және «Халықаралық мемлекеттік саясат пен басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2010 жылы Алматы қаласы прокуратурасының органдарына қызметке қабылданып, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі болып тағайындалды.
Кейіннен Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасы Басқармасының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаментінің бөлім прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры және Қызылорда қаласының прокуроры қызметтерін атқарды.
2026 жылдың шілде айынан бастап - Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуроры.
Үлгілі қызметі үшін «Айбын» орденімен (II дәрежелі) марапатталған.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан асады.





