
Тоқбаев Ерденбек Әлібекұлы
Астана қаласы "Есіл" ауданының прокуроры
Өмірбаян
Ерденбек Әлібекұлы Тоқбаев 1979 жылы Ақмола облысында дүниеге келді.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану", "Менеджмент" мамандықтары бойынша бітірді.
Прокуратура органдарында қызметін 2000 жылы бастады, әр кезенде Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы прокурорының көмекшісі, Нұр-Сұлтан қ. прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратура Департаменті басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Бұланды ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қ. "Сарыарқа" ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Шортанды ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 20 жылдан астам.
Сыныптық шен – аға әділет кеңесшісі.


