Тойшыбеков Нұрлан Аманжолұлы

    Астана қаласы "Алматы" ауданының прокуроры

    Тойшыбеков Нұрлан Аманжолұлы
    Прокурор

    Тойшыбеков Нұрлан Аманжолұлы

    Астана қаласы "Алматы" ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Н.А. Тойшыбеков 1980 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік заң академиясы "құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

    Өзінің еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери басқармасының Алматы гарнизоны бойынша статистика жөніндегі аға әскери прокуроры қызметінен бастады.

    Сарыөзек гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Бас әскери прокуратураның Басқарма әскери прокуроры, Бас әскери прокуратураның Аягөз және Ақтау гарнизондары әскери прокурорының орынбасары, Бас прокурордың көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығы, Қарағанды ​​қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды.

    2025 жылдың қазан айынан - Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері