
Өмірбаян
Серікұлы Нұржан 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» ЖҚМ Юриспруденция академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Прокуратура органдарында қызметті 2006 жылы Ақмола облысының Көкшетау қаласында прокурордың көмекшісі қызметінен бастаған.
Әртүрлі уақытта Астана (Нұр-Сұлтан қ.) қаласы «Алматы» ауданы прокурорының көмекшісі, Астана (Нұр-Сұлтан қ.) қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, Астана (Нұр-Сұлтан қ.) қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, Қарағанды облысы Жезқазған және Қарағанды қалалары прокурорының орынбасары, Қарағанды қаласының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Астана (Нұр-Сұлтан қ.) қаласы бойынша басқарма бастығы, Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуроры, Бас прокуратураның Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаментінің Өтініштермен жұмыс және талдау басқармасының аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшы қызметтерін атқарған.
2022 жылғы тамыздан бастап 2024 жылдың қазан айына дейін - Атырау облысы прокурорының орынбасары.
28.10.2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары.
Сыныптық шені немесе әскери атағы – әділет кеңесшісі

