
Өмірбаян
Адамов Берік Абызбайұлы,1983жылы Павлодар облысында дүниеге келген, ұлты қазақ.
Адамов Б.А. прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.
Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан астам.
Сыныптық шені немесе әскери атағы– аға әділет кеңесшісі.


