
Первый заместитель прокурора
Мамаев Қанат Есркепұлы
Облыс прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Қанат Мамаев 1974 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Сас-Төбе ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1991 жылдан 1996 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша білім алды.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
II дәрежелі "Айбын" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Мансап
- Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы прокуратурасында стажер қызметінен бастаған;
- 1997 жылдан 2008 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында бірқатар лауазымдарды атқарды;
- 2008-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры;
- 2010-2011ж. Алматы қаласы, Алатау ауданының прокуроры;
- 2011-2016ж. Алматы қаласы, Алмалы ауданының прокуроры;
- 2016-2017ж. Алматы қаласы, Медеу ауданының прокуроры;
- 2017-2019ж. - Алматы қаласы прокурорының орынбасары;
- 2019ж. - Қостанай облысы прокурорының орынбасары;
- 2019-2020 ж. - Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары;
- 02.2020 ж. бастап - Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.


