
Мусинов Берік Құттыбайұлы
Стратегиялық даму департаментінің директоры
Өмірбаян
Мусинов Берік 1986 жылы Шығыс Қасақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» (бакалавриат) мамандығы бойынша аяқтады, 2010 жылы экономика ғылымдарының Магистрі дәрежесін алды.
2017 жылы Астана қаласының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша оқып, экономика және бизнес Магистрі дәрежесін алды. Скандинавиялық академиялық ұқтырлық институтында (Сейнайоки қаласында, Финляндия), ЖШС «As Pe Konsuit» (Таллин қаласы, Эстония) шетелдік тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Еңбек жолын 2008 жылыдың қазан айында Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министірлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының сарапшысы қызметінен бастады.
2012 жылы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министірлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің Стратегиялық даму және талдау басқармасының бас сарапшысы лауазымына тағайындалды.
2014 жылы қазан айында – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы болды.
2019 жылы наурыз айында – Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігінің Персаналды дамыту басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2019 жылы қыркүйек айында – Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігінің Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары болды.
2023 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры болып табылады.



