
Советқызы Ботагөз -
Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры
Өмірбаян
1971 жылы туған, білімі-жоғары
1995 жылы Ақмола университетін бітірген,
2002 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.
Мемлекеттік қызметте 22 жылдық тәжірибесі бар, сарапшыдан департамент директорына дейінгі жолдан өтті.
Еңбек жолын құжаттамалық, ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қызметте 1999 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің бәсекелестікті дамыту департаменті инфрақұрылым саласындағы бәсекелестік бөлімінің бас маманынан бастады.
2003 жылдан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде әкімшілік және құжаттамалық жұмыс департаментінің бөлім, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары және директоры лауазымдарын атқарды.
2014 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.
2022 жылғы 16 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаментінің директоры.


