
Деш Ангелина Феликсовна
Бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
2015 жылы қаржы мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Университетті бітіргеннен кейін 2015 жылдың мамыр айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін сауда саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысты.
Еңбек жолын 2017 жылдың қазан айында «ШҚО қаржы басқармасы» ММ-де әлеуметтік сала мекемелерінің шығындарын есепке алу және мониторинг бөлімінің бас маманы лауазымында бастады.
2019 жылдың тамыз айында конкурс қорытындысы бойынша «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2020 жылдың ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бюджеттік саясат және бюджеттік жоспарлауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы қызметін атқарады.





