
Темирбеков Ельдар Жайлаубайұлы
Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, Заря Коммунизма ауылында 1986 жылы 05 шілдеде туған. Білімі-жоғары. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын ағаш өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ инспекторы болып бастады. 2012 жылғы шілдеден 2021 жылғы наурызға дейін «Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маман, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2021 жылғы 26 наурыздан бастап Шемонаиха ауданы әкімінің өкімімен «Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.





