Ахметов Ришат Файзуллаевич

    Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Ахметов Ришат Файзуллаевич
    Руководитель отдела

    Ахметов Ришат Файзуллаевич

    Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1982 жылғы 11 сәуірде туған, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар а. тумасы. Білімі жоғары. 2004 жылы Семей қаласының Қазақ қаржы-экономикалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы М.Әуезов атындағы университетінің мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару факультетін бітірді.

    Мемлекеттік мекемелердегі еңбек жолын 2007 жылы «Үржар ауданы әкімдігінің «Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорында менеджер лауазымынан бастады. 2008 жылдан 2011 жылға дейін «Үржар ауданы әкімдігінің «Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры болып тағайындалды. 2014 жылғы қараша айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласы әкімдігінің бас маманы лауазымына тағайындалды. 2016 жылғы қыркүйек айынан «Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2017 жылғы ақпан айынан қазіргі уақытқа дейін «Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарады.
    Функционалдық міндеттері: Шемонаиха ауданы дене шынықтыру ұжымдарының жұмысын үйлестіру, бақылауды және талдауды жүзеге асыру. Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларды даярлау және өткізу. Бөлім жұмысына басшылық ететін жоғары тұрған органдардың, аудан әкімі орынбасарының шешімдерін, өкімдерін орындау бойынша дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бақылау күнін» даярлау және өткізу. Облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін, өкімдерін уақтылы орындау. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өтініштерді уақтылы қарау. «Е-қызмет» автоматтандырылған жүйедегі жұмысқа жауапты. Дене шынықтыру және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері