
Өмірбаян
1984 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылында дүниеге келген.
2001 жылы - «Мейірбике» медициналық колледжін фельдшер мамандығы , 2013 жылы - «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетін» құрылыс мамандығы, 2016 жылы - «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университетін» көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша аяқтаған.
2005- 2022 ж.ж. әр түрлі мекелермен жеке секторда көлік қызметтері бойынша қызмет атқарған.
2022-2023 ж.ж.Түпқараған ауданы әкімдігінің «Коммуналдық қызмет» механигі, директордың орынбасары.
2023 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін «Тұрмыс-Сервис» МКК-ның бас инженері, директордың орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы 2 қарашада өткен сайлаудың қорытындысы және Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Сенек ауылының әкімі болып сайланды.




