
Өмірбаян
1991 жылы 12 сәуірде Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2013 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін және 2016 жылы - Қазақстан инновациялық және телекомуникациялықжүйелер университетін аяқтаған.
Алғаш еңбек жолын 2012 жылы Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімінде инспектор болып бастаған.
2013 - 2017 жылдары Құрық ауылы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде жетекші, бас маман .
2017 - 2019 жылдары жеке секторда қызмет етті.
2020 жылы - Қарақия аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жетекші маман .
2020 - 2022 жылдары Құрық ауылы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде бас маман .
10.2022 - 09.2023 ж.ж. - Құрық ауылы әкімінің орынбасары
09.2023-06.2024 ж.ж. - « Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы » ММ-нің басшысы .
02.06.2024 Құрық ауылының әкімі болып тағайындалды.