
Исмаилова Айнагуль Есимовна
ҚР Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаментінің директоры
Өмірбаян
1971 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында оқу бітірді (Алматы қ.), экономист.
1993 - 1997 ж.ж. - "Н. Н. Н." ЖШС бухгалтері, Қостанай қ.;
1997 - 1998 ж. ж. - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасының ("Севказнедра" ТУ) маман-бухгалтері, Қостанай қ.;
1998 - 1999 ж. ж. - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасының ("Севказнедра" ТШ) маман-экономист, бас маманы, Көкшетау қ.;
1999 - 2001 ж. ж. - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің экономика, қаржы және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, Көкшетау қ.;
2001 - 2002 ж. ж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің экономика, қаржы және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, Көкшетау қ.;
2002 - 2003 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдар шығыстарын жоспарлау департаменті агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас маманы, Астана қ.;
2003 жылғы қаңтардан 2003 жылғы тамызға дейін - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаменті өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасының өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бас маманы, Астана қ.;
2003 - 2006 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаменті өнеркәсіп, құрылыс және көлік басқармасының өнеркәсіп және құрылыс бөлімінің бастығы, Астана қ.;
2006 - 2007 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдар шығыстары департаменті өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасының бастығы, Астана қ.;
2007 - 2008 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика секторларын дамыту департаменті өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникациялар басқармасының бастығы, Астана қ.;
2008 - 2009 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті отын-энергетика, өнеркәсіп, құрылыс кешендерін және ТКЖ дамыту басқармасының бастығы, Астана қ.;
2009 - 2010 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті өнеркәсіпті, энергетиканы және минералдық ресурстарды дамыту басқармасының бастығы, Астана қ.;
2010 - 2013 ж. ж. - ҚР Қаржы министрлігінің Материалдық өндіріс саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын жоспарлау, талдау және іске асырылуын бағалау департаменті директорының орынбасары, Астана қ.;
2013 - 2014 ж. ж. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау департаменті директорының орынбасары, директоры, Астана қ.;
2014 - 2020 ж. ж. - ҚР Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаментінің директоры, Астана қ.;
2020 жылғы желтоқсаннан бастап н/уақыт бойынша - ҚР Қаржы министрлігінің құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаментінің директоры, Астана қ.





