Миятов Кайрат Исатаевич

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментітің директоры

    Миятов Кайрат Исатаевич
    Директор

    Миятов Кайрат Исатаевич

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментітің директоры

    Өмірбаян

    Жамбыл қаласында 1971 жылда дүниеге келді, білімі жоғары: 1993 жылы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетің "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша 1997 жылы, "Экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша және 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Заңтану" мамандығы бойынша бітірген.

    1993-2002 жылдары – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде аға салық инспекторынан бөлім бастығына дейін қызмет атқарды.

    2002-2005 жылдары - ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде бас маман.

    2005-2007 жылдары - Ақтөбе қаласы бойынша Салық департаментінің салық комитеті төрағасының орынбасары.

    2007-2009 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті салықтық аудит басқармасының бастығының орынбасары.

    2009-2011 жылдары-Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы.

    2012-2013 жылдары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

    2013-2017 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің оңалту және банкроттық жөніндегі басқармасының, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының, экспорттық бақылау басқармасының басшысы.

    2017-2020 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің апелляция департаментінің директоры.

    2020-2024 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

    2024 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және қаржы секторының мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері