
Сабитова Дина Жаумбайқызы
Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1967 жылы 12 қарашада Маңғыстау облысы Ералиев поселкесінде (Қазіргі Құрық ауылы) дүниеге келген.
1984 жылы №1 Құрық орта мектебін бітірген.
Білімі жоғары. 1995 жылы қазақ мемлекеттік басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген,
1995 -2011 ж.ж. Қарақия ауданы әкімдігі, ішкі саясат жөніндегі бас маман, бөлім басшысы.
2012 -2015 жж. Қарақия ауданы Жастар орталығының директоры.
2015-2016 ж ж. Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.
2016 жылдың желтоқсан айынан 2019 жылғы тамыз айына дейін «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қызметін атқарған.
Қарақия ауданы әкімінің 2019 жылдың 9 тамыз № 106 өкімімен Қарақия аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




