
Құсайынов Ақылбай Алшынбайұлы
«Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша бас маманы.
Өмірбаян
Құсайынов Ақылбай Алшынбайұлы, 1973 жылы 9 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Прапорщиково ауылында туған.
1990 жылы Ұлан ауданы, Алмасай ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген.
1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етті.
1993-1995 жылдары мамандандырылған диспетчерлік орталықты күзететін жеке батальонда жұмыс істеді.
2001-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет еткен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің зейнеткері.
2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін «Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бас маман қызметін атқарған.





