
Борисова Юлия Геннадьевна
Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Юлия Геннадьевна Борисова, 1975 жылы 20 қаңтарда туған, Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы, Прапорщиково ауылының тумасы. 1992 жылы Прапорщиково ауылындағы Киров атындағы орта мектепті бітірді. 1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (аты өзгертілген СДИ) сумен жабдықтау, су бұру, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мамандығы бойынша бітіріп, инженер-құрылысшы біліктілігін алды.
1992 жылғы 1 шілдеден 1992 жылғы 1 қыркүйекке дейін Киров ауылдық округінің әкімдігінде салық төлемдерін жинау жөніндегі кассир болып жұмыс істеді.
1997 жылғы 20 қазаннан 1998 жылғы 4 мамырға дейін Глубокое аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеді.
2001 жылғы 1 ақпаннан 2004 жылғы 15 қазанға дейін Киров ауылдық округінің әкімдігінде халықтан салық төлемдерін жинау жөніндегі агент болып жұмыс істеді.
2009 жылғы 12 қазаннан бастап «Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де әскери есепке алу үстелінің құжаттарын ресімдеу және өңдеу жөніндегі штаттан тыс қызметкер болып жұмыс істеді.
2009 жылғы 30 желтоқсаннан 2013 жылғы 7 қазанға дейін әскери есепке алу үстелінің жетекші маманы – инспекторы қызметін атқарды.
2013 жылғы 7 қазаннан бастап келісілген ауыстыру тәртібімен Киров ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2019 жылғы 11 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.





