
Жұмағұлов Ерлан Қамшыбайұлы
1
Өмірбаян
Жұмағұлов Ерлан Қамшыбайұлы 1967 жылғы 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Үріл ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары білімді, үйленген. Өскемен қаласы, Қазыбек би көшесі, 32-үй, 20-пәтер мекенжайында тұрады.
1975 жылы Катонқарағай ауданы Үріл ауылының орта мектебінің бірінші сыныбына барды. 1985 жылы мектепті бітіргеннен кейін Өскемен педагогикалық институтына оқуға түсті.
1986–1988 жылдары Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Сібір кентінде Кеңес әскері қатарында мерзімді әскери қызмет атқарды.
Әскерден босатылғаннан кейін аталған жоғары оқу орнында оқуын жалғастырып, оны 1992 жылы «География» мамандығы бойынша тәмамдады.
1992–1996 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектепте география және биология пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1996 жылдан 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдарында қызмет атқарды.
2017 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарады.





