Жарахмет Тимур Шыңғысханұлы

    Заңгер-бас маман

    Жарахмет Тимур Шыңғысханұлы
    Төрағаның орынбасары

    Жарахмет Тимур Шыңғысханұлы

    Заңгер-бас маман

    Өмірбаян

    Жарахмет Тимур Шыңхысханұлы 1990 жылғы 1 желтоқсанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.

    Алматы қаласындағы Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

    2010–2012 жылдары Байзерек орталау мектебінде педагог-ұйымдастырушы және құқықтану пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарған.

    2012–2013 жылдары Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік бағдарламалар операторы болып жұмыс істеген.

    Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында орналасқан № 28237 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп, Отан алдындағы азаматтық борышын орындаған.

    2015–2018 жылдары Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді кентіндегі № 86621 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызметші болып қызмет атқарған.

    2018–2019 жылдары Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы қызметін атқарған.

    2019 жылы Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маманының міндетін уақытша атқарған.

    2019–2022 жылдары Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі жетекші маманы болып қызмет атқарған.

    2022 жылы Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бас маман лауазымында жұмыс істеген.

    2024 жылғы 22 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Алакөл ауданы әкімінің аппаратында заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысы бойынша бас маманы лауазымына тағайындалған

    .2026 жылғы 3 тамызда Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық округі әкімі аппаратының заңгер – бас маманы лауазымына тағайындалып, қазіргі уақытқа дейін осы қызметті атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері