
Өмірбаян
Мұқатайқызы Тамаша 09 қараша 1991 жылы Қытай Халық Республикасы Боротала қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, Алматы үздіксіз білім беру университетін тәмамдаған, мамандығы құқықтану.
Мансап
2011- 2012 жылы Алакөл ауданының №2 аудандық сотында жастар тәжірбиесінен өтті. Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы.
2012 -2018 жылы Қабанбай ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік бағдарламалар операторы болып қызмет атқарды. Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы.
2018-2019 Қабанбай ауылдық округі әкімі аппаратының салық жөніндегі бас маманы болып қызмет атқарды. Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы.
2019 жылдан осы уақытқа дейін Қабанбай ауылдық округі әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маманы болып қызмет атқарып келеді. Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы.



